2021 жылы 20 маусымда Logycom командасы спорт сүйер қауым үшін ұйымдастырылған «Алматы жартылай марафоны» жүгіру жарысына қатысты. Компанияның 10 қызметкері белгілі бір уақыттағы барлық қашықтықты сәтті жүгіріп өтті. Олар жүгурудің маңыздылығын жақсы түсініп ғана қоймай, бұл спорт түрімен тұрақты түрде айналысады.
«Жүгіру бүкіл дененің – қан айналымын, өкпені, бұлшық еттер мен буындардың жұмысын жақсартады. Ағзаның төзімділігін арттырады, сонымен қатар, жүгіру стресс пен, жағымсыз ойлардан арылуға септігін тигізеді. Кез-келген келеңсіз ситуациядарда мойымау, дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді», – дейді Николай Карабак, «Logycom» АҚ аймақтық қызмет көрсету орталық басшысының орынбасары.
Каратиндік шараларға байланысты марафон өткізудегі ұзақ үзілісті ескерсек, аталмыш спорттық шара барлық қатысушылар үшін үлкен мереке болды. Шараны ұйымдастырушылар спортшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әр топ үшін сағат айырмашылығы белгіледі. Барлық спортшылар қауіпсіздік шараларын сақтау мақсатында маска тағып, ASHYQ қосымшасында өз статустарын айқындады.
Сырт көзге, санитарлық нормаларды сақтап, яғни бетпердемен жүгіру қиын көрінгенмен, бірнеше жыл қатарынан жарысқа қатысқан мен сияқты жүгірушілерге, биылғы марафон ұнағанын атап өткім келеді. Бұл қатысушылар санының аздығымен, бірнеше секундтық интервалмен жүгіру және әлеуметтік арақашықтықты сақтауымен түсіндіріледі», – деп атап өтті Дидара Түкенова, «Logycom» АҚ санаттық менеджері.
Logycom командасының кейбір мүшелері қалалық марафонға алғаш рет қатысты. Барлығы іс-шараға жауапкершілікпен қарап, алдын-ала дайындалып, бүкіл маршрутты сәтті аяқтады, ең бастысы, олар ұжымдық жүгіруден ұмытылмас эмоция мен әсер алды.
«Мен әрқашан әл-Фараби даңғылы сияқты жолмен жүгіруді армандайтынмын. Әдетте біз, көлікте отырғанда, қоршаған сұлулықты байқамаймыз. Биылғы маршрут жаңадан бастаушылар үшін өте ыңғайлы екенін атап өткім келеді, өйткені барлық бағыт бойынша ешқандай қиындық болған жоқ», – дейді Петр Медведев, «Logycom» АҚ қызметтерді дамыту бөлімінің бастығы.
Марафон қатысушыларын дәстүр бойынша мәреде жанкүйерлер тобы қарсы алады. Бұл барлық спортшылар үшін эмоцияларға толы сәт. Мәреге жеткен тәжірибелі спортшылар бұл сәтті алғаш рет бастан кешіп отырғандай сезімде болады.
«Жоспарланған уақытта мәре сызығын аттап өту ерекше сезімге бөлейді, ең алдымен, басты мақсатқа қол жеткізгеніңді түсіну өте бағалы. Мәреге жеткенде өзіңді батыр сезінесің», – дейді Евгения Елисова, «Logycom» АҚ сату жөніндегі менеджері.
Logycom бүкіл команданы марафонға қатысқанымен құттықтай отырып, болашақта жаңа спорттық жеңістерге жетулеріне тілектестік білдіреді!