LOGYCOM® ASTRUM© қазақстандық қамту үлесі – 100%.
Logycom® ASTRUM© кешенді ақпараттық жүйесінің орташа өнімділігі белсенді клиенттерде келесі параметрлерге ие: жүйе 100 мыңнан астам тауар атаулары, 100 мың контрагент (жеткізушілер мен сатып алушылар) туралы деректерді сақтай алады, бір уақытта бір дерекқорда шектеусіз пайдаланушылар жұмыс істей алады (олардың санының шектеулері пайдаланылатын сервердің қуатына байланысты). “Логиком” компаниясының “толық аяқталған” БЖ енгізетін мамандары жаңа жобалар үшін де, сондай-ақ бірегей IT-жүйені бұрыннан пайдаланып келе жатқан компаниялар үшін де жүйеге тұрақты техникалық қолдау көрсетуге кепілдік береді.
LOGYCOM® ASTRUM© жүйесі келесі міндеттерді орындайды:
- Бірыңғай базадағы ақша, тауарлар, қызметтер және қызметкерлер бойынша толық басқарушылық және қаржылық есеп беру;
- Дүкендер, филиалдар, қашықтағы кеңселер немесе қоймалар арасындағы байланысты ұйымдастыру;
- Нақты уақыт режимінде (on-line) бизнес-процестерді (мәмілелерді) бақылау;
- Бизнестің түрлі жазықтықтарында есепке алу: қаржылық есепке алу орталықтары, сатуды бақылау, жұмыс тиімділігі және т. б;
- Негізгі қаржы-шаруашылық үдерістері мен көрсеткіштерін жедел бақылау;
- Тиімді басқару және жедел шешімдер қабылдау үшін кәсіпорын басшылары мен қызметкерлерін уақтылы, толыққанды және сенімді ақпаратпен қамтамасыз ету;
- Негізгі бизнес-процестер мен бизнес-функциялардың орындалуын қолдау;
- 1С бухгалтерия, MS Excel және MS Outlook жүйелерімен интеграция.
Шетелдік аналогтардан 10 есе арзан және қазақстандық нарықтың шынайылығына бейімделген LOGYCOM® ASTRUM© бойынша тұтынушылар бүгінде 100-ге жуық заңды тұлғалар – орта және ірі бизнес компаниялары болып табылады.
Егер сізде сұрақтар туындаса, бізбен мына телефон арқылы байланыса аласыз: +7 727 227 58 05 немесе электрондық пошта арқылы: s.astrum@logycom.kz