АЛМАТЫДА 460-ТАН АСТАМ ӨНЕРКӘСІПТІК КӘСІПОРЫНДАР ӨЗ ЖҰМЫСЫН ЖАНДАНДЫРДЫ, ОНЫҢ ІШІНДЕ LOGYCOM КОМПАНИЯСЫ ДА БАР

Компания 20 сәуірден бастап қайта жұмысқа кірісті, өйткені ол экономикалық сектордың стратегиялық маңызды объектісі болып табылады.

Кәсіпорын қаланың барлық дерлік мекемелерін компьютерлік жабдықтармен және бағдарламалық жасақтармен қамтамасыз етеді. Жұмысқа кіріспес бұрын компания санитарлық талаптарды сақтау мақсатында, санитайзер, қызуды бақылайтын құрылғылар мен қатар, 4 мыңнан астам маска мен қолғап сатып алды.

Алматыда 460-тан астам өнеркәсіптік кәсіпорындар өз жұмысын бастады. Олардың арасында отандық ірі зауыттар – қала экономикасының локомотивтері бар, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Коронавирустық пандемия, сөзсіз, кәсіпорындардың жұмысына өзіндік әсерін тигізді. Келушілер мен қызметкерлер ғимарат ішіндегі және сыртындағы арнайы қойылған санитарлық дәлізден өтеді. Logycom компаниясы да бұл талаптарды сақтайды. Мұнда жылжымалы дезинфекциялық кабиналар орнатылған, келгендерді дәрігерлер мұқият тексеріп, оларға жеке қорғаныс құралдары береді. Мұндай шараларға барлығы түсіністікпен қарайды. Ең бастысы – жұмыс қайта басталды.

«Пандемияның әсері байқалды, жұмыс біраз тоқтап тұрды. Бүгінде компанияда өндіріске тікелей қажет 120 адам жұмысқа кірісті, – деп атап өтті Logycom компаниясының бірінші вице-президенті Юрий Хакилиди.

Leave a Comment

Scroll to Top