«SMART АҚКӨЛ» ЖОБАСЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ

Біз бүгін, Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа 18 қаңтарда Logycom компаниясы қатысқан «Smart Ақкөл» жобасының  тұсаукесер рәсімінің сәтті өткенін қуана хабарлаймыз.

Заманауи технологиялар заң бұзылуының алдын алады, энергияны үнемдейді, көлік кептелісін қадағалайды және тұрғын үйлердегі температураны реттей алады.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі «ақылды» қала Ақкөлдің тыныс-тіршілігімен танысты, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Smart Ақкөл» жобасы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.

«Ақылды қала» тұжырымдамасы концепциясына инфрақұрылымды, интеграцияланған жүйелерді, деректерді талдау датчиктерінің желісін құру және бақылау кіреді. Барлық деректер ситуациялық орталыққа – диспетчерлік залы бар объектіге, бақылауға арналған бейне қабырғаға, бейнеконференциялар жүйесіне және байланыс орталығына жіберіледі.

Мемлекет басшысына дайындық жұмыстары туралы есеп берілді. Жобаның алты айында 17,5 км талшықты-оптикалық байланыс желілері тартылды, энергияны үнемдейтін LoRaWAN желісі құрылды, қоғамдық орындарда Wi-Fi нүктелері ұйымдастырылды, жоғары жылдамдықты LTE Интернет желісі жаңартылды, бұл бейнебақылау жүйелеріне құрылғыларды қосуға мүмкіндік берді, экологиялық бақылау, энергетикалық ресурстарды бақылау және есепке алу (4500 су өлшеу құралдары және 6000 электр энергиясы). Жол қозғалысын басқару, өрт қауіпсіздігі және көшелерді жарықтандыру жүйелері іске қосылды.

«Мен көздеген мақсат – Қазақстанды, компания немесе кәсіпорын сияқты бір орталықтан басқару. Міне, бір жерден басқару технологиясы, енді барлығы бұл артықшылықты мойындады. Бос әңгіме емес – нақты шешім», – деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

Smart қала заманауи цифрлық технологиялар жабдықталған. Бірыңғай платформа қашықтан және еш кедергісіз қылмыстың алдын-алудан бастап тұрғын үйлердегі климаттық бақылауға дейін барлық негізгі процестерді басқарады.

«Ақылды қалаларға арналған халықаралық конференция аясында Барселонаға барып, жасалып жатқан барлық нәрсені көрдік. Аққөлде ТМД елдерінде баламасы жоқ бірегей технологиялық шешімдер қолданылды. Ақкөл – коммуналдық қызметтердің барлық тұтынушылары толығымен цифрландырылған Қазақстандағы алғашқы қала. Аққөлде қолданылған интеллектуалды видео, жергілікті құқық қорғау органдарына қоғамдық тәртіпті бұзушыларды тез табуға мүмкіндік берді », – деді Tengri Lab жобасының операторының жетекшісі Әлімжан Есетов.

Күрделі бейнебақылау жүйесі Ақкөлдегі барлық қоғамдық орындар мен жолдарда заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз етеді. Бейнекамералар, түтін анықтағыштар, есік ашқыштар көпқабатты үйлердің кіреберістерінде орналасқан.  Интернет желісін қолдану мақсатында тұрғындарға  Wi-Fi-мен жабдықталған 34 орын ұсынылған.

Ақкөл астанадан 100 шақырым жерде орналасқан. Smart City – бұл толық сандық форматқа көшкен Қазақстандағы алғашқы елді мекен. Ақылды қаланың операторлары – Tengri Lab IT компаниясы, «Қазақтелеком» АҚ, ERG, BTS Digital, AРЕK (электр энергиясын таратушы компания) және Ақмола облысының әкімдігі.

Scroll to Top