
Қазақстандағы №1 өндіруші
Logicom компаниясы – өзінің LOGYCOM сауда маркасымен жоғары технологиялық жабдық шығаратын ірі қазақстандық өндіруші. Екі конвейерлік құрастыру желісінің өндірістік қуаты жылына 900 мыңнан астам дербес компьютерлер мен серверлер шығаруға мүмкіндік береді.Біздің өнімдеріміз компьютерлер мен серверлердің көптеген модельдерімен ұсынылған. LOGYCOM өнімдеріндегі қазақстандық қамту үлесі 25% -дан асады (Бұған СT-KZ дәлел – тауарлардың ҚР аумағында шыққандығын растайтын, сонымен қатар компанияны отандық өндірушілердің тізіліміне енгізетін сертификат).
Біздің компания – өндірілетін жоғары технологиялық өнімге 3 жылдық кепілдік беретін қазақстандық нарықтағы жалғыз компания, өйткені біз олардың жоғары сапасына сенімдіміз.
LOGYCOM өнімдерінің артықшылықтары:
- компоненттер мен дайын өнімдердің сапасын үш есе бақылау;
- төтенше температура кезіндегі тестілеу және сынау;
- баға мен сапаның оңтайлы арақатынасы;
- ҚР барлық өңірлерінде сервистік қызмет көрсету.
Корпутарды құю
2011 жылы Компания оңтүстік кореялық Hyundai компаниясының қуаты жылына 1 млн өнім беретін термопласт аппаратын сатып алды. Біраз уақыттан кейін LogyCom СК мониторларын өндіруді бастады. Өнімнің максималды өлшемі диагональ бойынша 23 дюйм болуы мүмкін. Пайдаланылған полимерлердің жоғары механикалық қасиеттеріне байланысты, жылу төзімділігі жоғары құрылымдық материалдардан жасалған өнімдер шығарылады. Пластикалық корпутсар планшеттік, classmate компьютерлер, СК мониторларды құрастыру кезінде пайдаланылады.
Логистикалық кешен
2009 жылы “Логиком” АҚ өндірістік-қойма кешенінің аумағында жалпы ауданы 2 400 м2 автоматтандырылған ұяшықты қойма салынды және пайдалануға енгізілді. Осылайша, жалпы сақтау аумағы 1624 ұяшықты құрайды, бұл шамамен 3931 м3. Жыл сайын қойма арқылы 1 500 000 кг-ға дейін немесе 18 000 м3 өнім өтеді.
Жоғары технологиялық логистикалық объектіде “мекенжайлық сақтау” жүйесін енгізу есебінен қойма процестерін автоматтандыру және оңтайландыру қамтамасыз етілген. Бұл жүйенің мәні – өнім арнайы «сақтау мекенжайлары» деп аталатын ұяшықтарға орналастырылады. Өнім қозғалысының барлық кезеңдері ASTRUM кешенді ақпараттық жүйесіне (КАЖ) енгізіледі. Бұл оның кіріс және шығыс кодтары мен сериялық нөмірлері, қабылдау күні, қалдықтары, алушылары мен жіберушілері арқылы қозғалысын бақылауға мүмкіндік береді.
Бұл оның қозғалысын кодтар мен кіру және шығу кезіндегі реттік нөмірлер, түскен күні, қалдықтар, алушылар мен жіберушілер арқылы бақылауға мүмкіндік береді.
Жүйенің айқын артықшылықтары:
- тауарларды өңдеу жылдамдығының 5-7 есеге өсуі;
- адам факторының әсерін барынша азайту;
- түгендеу процесін оңтайландыру;
- сақтау тиімділігін арттыру.