Миссия, мақсаттар, міндеттер

Біздің миссия

“Логиком” компаниясы — өзінің барлық міндеттемелері бойынша жауап беретін заманауи IT-компания. Бір-бірімізді қолдай және дамыта отырып, инновациялар мен тиімділік арқылы біз барлық жағдайда көшбасшылыққа ұмтыламыз және өз ісімізді мақтан тұтамыз

“Логиком” отандық IT-нарығында 25 жылдан астам уақыт жұмыс істейді. Компьютерлік және цифрлық технологиялар нарығындағы бірегей білімнің арқасында компания IT-саласының Сарапшысы ретінде беделге ие болды. «Логиком» работает на отечественном IT-рынке более 25 лет. Біз нарықта тек жоғары технологиялық өнімдерді ғана ұсынбаймыз. Біз ең күрделі инфрақұрылымдық IТ-жобаларды «кілтке дейін» әзірлеп, іске асырамыз!

«Логиком» Тобының бизнес бағыттары:

  • LOGYCOM брендімен жабдықтар шығару;
  • корпоративтік бизнеске арналған жоғары технологиялық жобаларды әзірлеу және енгізу;
  • ERP бағдарламалық өнімнің – LOGYCOM ASTRUM жүйесін әзірлеу және енгізу;
  • Қазақстанның барлық аймақтарында сервистік қызмет көрсету;

Бүгінде «Логиком» – өзінің LOGYCOM сауда маркасымен жоғары технологиялық жабдық шығаратын ірі қазақстандық өндіруші. Біздің өнімдеріміздегі қазақстандық қамту үлесі – 25%-дан бастап.

Біздің өндірістік база

  • әлемдік сапа және функционалдық стандарттарға сәйкес келетін жалпы ауданы 2,8 га автоматтандырылған есепке алу жүйесі бар ұяшықты өндірістік-қойма кешені;
  • жеке сауда маркасымен ДК, серверлер және СК мониторларды өндіруге мүмкіндік беретін қуаты жылына 600 мың ДК-ден асатын конвейерлік желісі бар цех;
  • жылына 1 млн бұйым қуатымен корпустарды құю бойынша термопласт аппараты.

“Логиком” АҚ-ның айқын және түсінікті мақсаттарға қол жеткізуде болашағы: құру және даму!

Scroll to Top