2-3 қыркүйекте Астанада грэпплингтен UWW 2017 Азия чемпионаты өтеді.

2017 жылғы Азия чемпионатын Қазақстанмен қатар Біріккен Араб Әмірліктері мен Үндістан өткізуге өтініш білдірді. Грэпплингтің Дүниежүзілік Комитеті Қазақстанды бүкіл Азия құрлығында спорттың осы түрін дамытудағы көшбасшысы ретінде танып, елімізде өткізуге шешім қабылдады.
Айта кету керек, 2017 жылғы Азия чемпионаты Дүниежүзілік күрес федерациясының «UWW-Біріккен күрес әлемі» деген атаумен өтетін шарасы грек-рим, еркін және әйелдер күресімен қатар, қазақ күресі мен грэпплингті дамытуды көздейді. Грэпплинг UWW – бұл жекпе-жектің тез дамып келе жатқан ең танымал түрі. Жекпе-жектің бұл түрінде жеңімпаз күрестің бірнеше стилін ұтымды қолдану шеберлігі сәйкес немесе қарсыластың берілуімен, басымдық пен бақылауға байланысты ұпайлардағы артықшылығымен анықталады.
Бұл спорт түрінің әлемде кең таралуын UWW «Бүкіл әлемдік грэплинг комитеті» бақылайды. Оның міндеті «барлық елдер үшін бейтарап» болу, бәсекелестік стандартын сақтау және Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізі болып табылады.