2017 жылдың 24-27 маусым аралығында Астана қаласында ЭКСПО-2017 мамандандырылған халықаралық көрмесі аясында ересектер арасында көркем гимнастикадан 9-шы Азия чемпионаты және жасөспірімдер арасында көркем гимнастикадан 15-ші Азия чемпионаты өтті.

Жарыстың ұйымдастырушылары – Азия гимнастика одағы (АГУ), Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Астана қаласының әкімдігі, Қазақстандық гимнастика федерациясы және Астанадағы көркем гимнастика федерациясы. Қазақстандық гимнастика федерациясы 1992 жылы құрылған және Халықаралық гимнастика федерациясының (FIG), Азия гимнастика одағының (AGU), Ұлттық олимпиадалық комитеттің (ҰОК) мүшесі болып табылады. Федерация құрамына Қазақстанның 13 аймағынан көркем гимнастика, спорттық акробатика, трамплин және батутта секіру түрінен 16 аккредитациясы бар аймақтық спорт федерациясы кіреді. Қазақстан гимнастика федерациясы 10000-ден астам гимнастшыны қадағалайды.
Көркем гимнастикадан Азия чемпионаты – жылына бір рет өтетін маңызды жарыс. Қазақстан құрлық біріншілігін төртінші рет өткізу мәртебесіне ие болды. Жарысқа Азия аймағының 14 елінен 153 ең мықты гимнастшылар қатысты. Азия чемпионатының 250-ден астам қатысушысы біздің елге келді. Қазақстан гимнастикасындағы жарқын спорттық оқиға Мамандандырылған ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесі аясында өтіп жатыр. ЭКСПО-2017 Қазақстан үшін маңызды оқиға, бұрын-соңды мұндай ауқымды халықаралық көрме Орталық Азия аймағы мен ТМД елдерінде өткізілмеген.
Спорт – бұл біріктіруші күш, оның тілі біздің планетамыздың әрбір тұрғынына түсінікті. Азия чемпионатының басты кейіпкерлері балалар, өз елдерінің жас азаматтары. Жуырда біздің елімізде көркем гимнастиканың жаңа есімінің аталу сәтінің куәгері болуымыз мүмкін.


