LOGYCOM ОҚУ ЖЫЛЫН ҮЗДІК БІТІРГЕН 67 ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ БАЛАЛАРЫН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Кемел келешектің кепілі – білімді ұрпақ тәрбиесінде. Осы сөздің мағынасын жете түсінген әрбір ата-ана баласының сапалы білім алуына қажетті жағдай туғызады және барлық жағынан көмектеседі.

Logycom компаниясы оқуда жетістікке  жету жолында мотивация ретінде қалыптасқан үрдіс бойынша оқу жылын үздік аяқтаған қызметкерлердің балаларын құттықтады. Балаларға Қазақстандағы кеңсе тауарларының ірі сауда желісінің дүкендерінен тауар сатып алуға 20 000 теңге сомасына сертификаттар табысталды.

Logycom сапалы білім алудың маңыздылығын жақсы түсінгендіктен, құзыретті басқару стратегиясы мен қызметкерлердің жоғары біліктілігінің арқасында компания 25 жыл бойы Қазақстан нарығында цифрлық технологиялар бойынша көш бастап тұр.

Пандемия кезінде қашықтан оқу жағдайында білім алуға деген қызығушылықты жоғалтпау маңызды. Онлайн білім алу  техникалық тұрғыдан қиын болмағанмен, психологиялық тұрғадан қатты әсер етті. Үйден оқу, бейне байланыс арқылы дағдыны қалыптастыру, оқытушы беделдің жоғалмауы – мұның бәрі мұғалімнің, оқушының және оның ата -анасының тығыз жұмысын қажет етеді.

Logycom компаниясы мұғалімдерге ризашылығын білдіре отырып, оқушылардың ата -аналарын оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтаймын!

Scroll to Top