LOGYCOM АЛМАТЫДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ МУЗЫКАЛЫҚ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ «CHARITY MUSIC RUN» ЖҮГІРУ ШАРАСЫНА ДЕМЕУШІ БОЛДЫ

«Нұрбанк» АҚ Charity Music Run жыл сайынғы музыкалық қайырымдылық жүгіру шарасының ұйымдастырушысы. Бұл жоба қатерлі ісікке шалдыққан балаларға көмектесу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жасалған.

2019 жылдың қыркүйегінде әлеуметтік қажеттіліктерге ақша жинау мақсатында жалпы салауатты өмір салтын насихаттау, сонымен қатар, жүгіруді жақсы көретіндерді біріктіруге арналған жыл сайынғы музыкалық қайырымдылық жүгіру «Charity Music Run» шарасы өткізілді. Жарыстың мақсаты – қатерлі ісікке шалдыққан балаларға қайырымдылық көмек көрсету.

«Біздің музыкалық қайырымдылық жарысымыздың барлық қатысушыларына алғыс айтамыз! Сіз бен біздің бірлескен күш-жігеріміз арқасында, қатерлі ісікке шалдыққан балалардың донорлық дің жасушаларын сақтауға мен трансплантациялауға көмектесетін медициналық жабдық сатып алынды. Біздің жарыстың міндеті – салауатты өмір салтын насихаттай отырып, көмек көрсету. Бүгін біз мақтануға тұрарлық нәтижелерге қол жеткіздік » – деп атап өтті «Нұрбанк» АҚ басқарма төрағасы Эльдар Сәрсенов.

Енді шараның арқасында сүйек кемігінің донорлық материалдарының саны артады.

«Нұрбанк» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, марафон ақшасына жоғары технологиялық зертханалық жабдықтар сатып алынды.

Источник – tengrinews.kz

Scroll to Top