21-24 наурыз аралығында Logycom компаниясының серіктестігімен «Тау күні» балалар лагерінде «DIGITAL BOOM – 2017» V Халықаралық жастар фестивалі өтті!

«Digital Boom – 2017» фестивалінің бағдарламасына компьютерлік суреттер сайысы, пернетақтада соқыр он саусақ әдісі арқылы теру сайысы, «Информатика білгірі» сайысы, баспасөз орталықтарының сайысы, мектеп, КВН командаларының өнер көрсетуі, ақпараттық технологияларды білу бойынша олимпиадалық жарыстар, сонымен қатар спорттық жарыстар кірді. Фестивальға Алматы мен Астана қалаларының 2-11 сынып мектеп оқушылары қатысты.
Ақпараттық технологиялар фестивалінің негізгі мақсаттары – студенттерге ақпараттық технологиялар бойынша алған білімдерін көрсетуге, танымдық-ақпараттық және коммуникативті қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік беру. Logycom әрдайым жас ұрпақты заманауи, тез дамып келе жатқан технологияларды білуге, түсінуге деген ұмтылысын қолдайды.