2021 жылы 16 шілдеде Алматы қаласының Түрксіб ауданындағы Logycom зауытына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «NUR OTAN» фракциясының мүшесі – Нұров Қанат, «Нұр Отан» партиясы Түрксіб аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары – Айсұлу Жексембиева, Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары – Ермек Бейсеуов барып қайтты.
«Экскурсия кезінде бізге зауыттың жұмысы көрсетілді. Жұмысшылар саны – 412 адам, ал орташа жалақы – 211 000 теңге», – атап өтті ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «NUR OTAN» фракциясының мүшесі Нұров Қанат.
Бүгінгі таңда Logycom өз брендімен жабдықтар шығарып ғана қоймай, корпоративтік бизнеске арналған жоғары технологиялық жобаларды, ERP жүйелік Logycom Astrum – бағдарламалық қамтамасыз етуді, Қазақстанның барлық аймақтарында кіші және орта бизнес клиенттерінің жергілікті желілерің IT-аутсорсингін қамтамассыз етеді. Компания өнімдері жергілікті қамтудың 25% құрайды.
Қазіргі уақытта Logycom компаниясы өндірістік қондырғылары қуаттылығы жылына 900 000 данадан асатын дербес компьютерлер мен серверлерді жинауға арналған екі құрастыру желісін, сондай-ақ жылына 100 000 данаға дейін сыйымдылығы бар сұйық кристалды мониторларын құю мен құрастыруды қамтиды.
Өнімнің үлкен партиясының жиналу уақытын және өзіндік құнын қысқартуды мен өнімнің сапасын жақсарту мақсатынжа өндіріс цехтың негізінде жүзеге асады. Өнімдер компанияның мамандандырылған зертханасында компоненттердің кіріс бақылауынан бастап, әр түрлі өндіріс орындарында сынаудың бірнеше кезеңінен өтеді.