10 наурызда «Astana Motosports» командасы – Dubai International Baja-2017 жарысында сәтті дебют жасады. Logycom компаниясы дәстүрлі түрде жарысқа қатысушылардың бірі – Максим Антимировқа қолдау көрсетті.
Тимур Байжиенов, Максим Антимиров, Азамат Тілеулесов және Кирилл Солоха – Dubai International Baja-2017 жарасында Қазақстанның атынан қатысқан жаңа пилоттары. Төрт квадрацикльші де жарыстың бірінші кезеңінен сәтті өтті.
Жарыстың бірінші кезеңінің нәтижесі бойынша қазақстандық квадрацикльші Максим Антимиров 91,66 шақырымдық учаскеде ең жақсы нәтиже көрсетті. Ол көшбасшыдан 12 минут 32 секундқа қалып, төртінші болып мәреге жетті. «Astana Motorsportsтың» қалған пилоттары Байжиенов, Солоха және Тлеулесов сәйкесінше алтыншы, жетінші және сегізінші орынға тұрақтады. International Baja-2017 жарысының келесі кезеңінің ұзындығы 82,24 шақырымды құрайды.
Максим Антимиров – көптеген халықаралық байқаулардың жүлдегері!
Максимге сәттілік тілейміз! Ал біз жаңа жеңістерді күтеміз!