LogyCom компаниясы еліміздің аймақтық білім беру мекемелеріне өз өндірісінің 16 443 дана компьютерлік техникасын жеткізеді. 2020 жылы электрониканың жаңа партиясын ҚР Білім және ғылым министрлігі аймақтық білім беру ұйымдарын қашықтықтан оқытуға көшіру жобасы аясында сатып алды.
Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустық инфекцияның жаңа түрінің таралғаны туралы хабарлады. COVID-19 вирусының таралуын болдырмау мақсатында Қазақстан Президенті елде қатаң карантин енгізуді бұйырды. ҚР білім және ғылым министрлігі еліміздің аймақтарын қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып білім алуды ұйымдастыру туралы шешім қабылдады.
LogyCom компаниясы төмендегі қалалардың білім бөлімдерін компьютерлік техникамен жабдықтады: Ақтау қалалық білім бөліміне (708 дана), Маңғыстау облысының Қарақиян аудандық білім бөліміне (692 дана), Түркістан облысы бойынша Адамдарды дамыту бөліміне (5952 дана), Ақтөбе (2 314 дана), Атырау (962 дана), Маңғыстау (2346 дана), Қарағанды (2 920 дана), Қарағанды облысына(549 дана)